$ 444.32  473.33  4.76

Жарылыстардан кейін: Тараз қаласы маңында жағдай қандай?

Бұл нысандар жарылыс болған әскери бөлімге жақын маңда орналасқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

26 тамызда кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің маңында өрт шықты, нәтижесінде қоймада бірнеше жарылыс болды. Tengrinews.kz тілшілері Жамбыл облысына барды.

Тараз маңындағы қираған ғимараттар. Бұл нысандар жарылыс болған әскери бөлімге жақын маңда орналасқан.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Жарылыстар уақыт өте тоқтады, алайда өрт әлі сөнген жоқ. Инженерлік оқ-дәрі мен жарылғыш заттар үлкен қопарылыс толқынын, жалын мен шу әсерін тудырып, жанып, жарылуы мүмкін.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылыс салдарынан 4 әскери қызметші қайтыс болғанын мәлімдеді. Кейін 28349 әскери бөлімі командирінің бұрынғы орынбасары бұған дейін парамен ұсталғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары