$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келген.

Бурабай ауданының Қарашілік ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт қыркүйектің 9-да кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы, Бурабай ауданының ТЖБ жеке құрамынан 8 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған үйден 1969 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйелдің денесі табылды», - деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, өрт болған жерде өрт зертханасы жұмыс істеуде.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келген және жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.

Осы ретте, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарына электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және төсекте темекі шегуге болмайтынын еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары