Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Анарбек Бақтығазыұлы Қарашевқа дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлінің жауапты хатшысы қызметін Асқар Мусинов атқарған болатын.
Айта кетейік, Анарбек Бақтығазыұлы 1992-1994 жылдар аралығында Қазақстанның СІМ екінші хатшысы болған еді. 1994-1995 жылдары – үшінші хатшы, Қазақстанның Германияғы елшілігінде екінші хатшы, 1996 жылы Қазақстан Президенті әкімшілігінің сектор жетекшісі қызметтерін атқарды.
Австрия Республикасындағы Қазақстанның елшілігінде бірінші хатшы, ҚР СІМ Келісімдік-құқықтық басқармасында халықаралық келісімдер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Швейцария Конфедерациясында ҚР елшісінің кеңесшісі болды, 2003-2008 жылдар аралығында Франкфурт-на-Майнда (ФРГ) ҚР елшілігінде бас консул болса, 2008 жылдан бері Чех Республикасында Қазақстан елшілігінде Төтенше және өкілетті елші лауазымды қызметін атқарған.