$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда 150-ге жуық тұрғын үй су астында қалды

28 шілде күні қатты жауған жауынның салдарынан Көкшетау қаласында 145 жеке тұрғын үй, бірқатар мемлекеттік мекемелер (облыстық сот, АХАЖ, тарихи-өлкетану мұражайы, президент мектебі) су астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, қалада 39,0 мм жауын-шашын түсті (норма 1-14 мм).

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазіргі уақытта суды тартып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 12 бірлік техникасы, қалалық коммуналдық қызметтің 11 бірлік техникасы жұмылдырылды.

«Көкшетау қаласының әкімдігінде су астында қалған тұрғын үйлерді тексеру бойынша 4 мобильді топ ұйымдастырылды» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары