Жасөспірім қыз өз әрекетін "сабақтан соң ішім пысты" деген сөздермен ақтамақ болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Мас күйде болған мектеп оқушысы тәртіп сақшыларының назарына ілікті, деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
"Кешкі сағат 23:00-ден кейін ювеаналды полиция қызметкерлері үй ауласының бірінен ащы суға тойып алған 16 жастағы қызды ұстады. Сабақтан кейін іші пысқан оқушы не істерін білмей, досының үйіне барған. Сол үйде ішімдік ішкені анықталды. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды ұстады", — деп мәлімдеді полиция.
Мектеп оқушысы он сегізге толмай, ішімдік ішкен. Сондықтан оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 2 бөлімі (алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде болу) бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде (13 255 теңге) әкімшілік айыппұл салынды. Жасөспірім заңды өкілінің қарауынсыз тыйым салынған уақытта көшеде жүрген. Соңғы әрекетке байланысты ескерту жасалды.
Оқушының бұл әрекеті мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңесте талқыланды. Сондай-ақ, мектеп ауласында шемішке шаққаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес 5 АЕК көлемінде (13 255 теңге) айыппұл қарастырылған.
Тәртіп сақшылары мектеп оқушысы мен ата-анасы болған жағдайдан сабақ алып, қорытынды шығарады деп үміттенеді.