$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды тұрғындары электр жарығынсыз қалды

Бұл Костенко, Абай және Жамбыл көшелеріндегі үйлер.

Қарағандыда трансформаторлық қосалқы станция толығымен өртеніп кетті. Оқиға салдарынан үш көшенің үйлері электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Трансформаторлық қосалқы станциядағы өрттің салдарынан Қарағандының сегіз көпқабатты үйі жарықсыз қалды. Бұл Костенко, Абай және Жамбыл көшелеріндегі үйлер.

«26 қыркүйек күні сағат 17:44 өрт туралы хабар келіп түсті. Қарағанды қаласының Бұқар Жырау даңғылы, №12 үйдің маңында 20 метр электр сымдары жанып, жалын трансформаторлық қосалқы станцияның жанғыш бөліктері, электр санауыштары және ағаш конструкцияларын шарпып, жалпы алаңы 40 шаршы метр аумақты алды. Өрт 18:44 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің Facebook парақшасында күн соңына дейін үйлерді электрмен жабдықтау қалпына келтірілетінін хабарлады. «Қазіргі уақытта бөлшектеу жүргізілуде, содан кейін олар 2 трансформаторды орнатуды бастайды. Бүгінгі күні Костенко көшесі 1,3, Абай көшесі 2,4,6, Жамбыл көшесі 1,3,5 үйлерін электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі», - деп жазады Қарағанды қаласының әкімі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды