$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда темекі 30%-ға қымбаттайды

Келер жылы елімізде темекі 30 пайызға қымбаттайды. Жоба әзірлеушілердің айтуынша, бұл шаралар табакты пайдалану көлемін азайтып, акциздің бағасын көтеруге септігін тигізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қаржы министрлігінің ұсынысы бойынша, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекінің ең арзаны 200 теңгені құрамақ.

Темекі акцизінің бағасы жыл санып артып келеді. Акциздің 2013 жылғы бағасы 1550 теңгеге бағаланғанды. Ол, осы жылы 3000, 2015 жылы 3900 және 2016 жылы 5000 теңгеге көтеріледі. Яғни, темекі акцизінің бағасы жыл сайын 30 пайызға артуда. Темекі бағасына келсек, 2013 жылы ең арзан бір қорап темекі 130 теңгеге бағаланса, осы жылы 150 теңгеге жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары