Үш жедел жәрдем қызметі бригадасының мамандары жеті оқушы мен бір мектептің қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Белгісіз затқа уланған үш оқушы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ауруханаға жеткізілген науқастар құсқысы келіп, тамағы ашып, бас айналуына шағымданған. Жасөспірімдердің барлығына ауруханада оксигенотерапия емі бойынша медициналық көмек көрсетілді. Оқушылар екі сағат бақылауда болып, жағдайының жақсаруына байланысты үйлеріне қайтарылды", - деді ведомство өкілдері.
Шымкент полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.