Әйгерім Сейфолла Өскемен қаласында тұрып жатыр. Тележүргізуші балалары мен жолдасына, анасының күтіміне қарап отыр. Бұған дейін тынбай жұмыс істеп келген ол үй ханымы атанған. Оның өз себебі барын айтады, деп жазады Stan.kz.
Көгілдір экраннан көрінбей кеткен тележүргізуші қазір өзінің қайда жүріп жатқанын айтты. Жолдасымен бірге түскен суретін жариялап, оқырманын тамсандырып қойды.
“Өскеменде не істеп жүрсіз? Астанадан неге көшіп кеттіңіз? Өскеменнің келінісіз бе?” деген сұрақтар көп келеді. Енді жауап берейін. Менің жағдайыма алаңдап, мені іздеп жатқан оқырмандарыма бар жақсылықты тілеймін. Бар болыңыздар. Астана маған ыстық қала. Ол жақта бар жақыным тұрады. Ата-анам да, бауырларым, туыстарым да, достарым да сонда. Бірақ Өскеменге келдік. Жолдасымның жұмысына байланысты осында келуге тура келді. Уақытша тұрып жатырмыз”, – дейді ол.
Осылайша телеарна ханымы үй ханымы атанып, балаларының қасында отыр. Жолдасы мен анасының, балаланың күтіміне қарайды. Бұл оңай болмаса да, оған көнуге тура келеді.
“Бұл қалада ешкіміміз жоқ. Ешкімді танымаймын. Үнемі жұмыс істеп қалған әйелге үйде отырған да қиын екен. Бірақ соған тура келеді. Мені сыртымнан көріп, танысуға ұялып жүрген оқырмандарым бар екен. Қысылмаңыздар. Мен түрім суық көрінгеніммен, мейірімді адаммын. Аса жаман емеспін”, – деді тележүргізуші.
“Жұмысты қайтесіз, отбасыңның жанында болыңыз”, “Өскеменге қош келдіңіз, жақсы қала, шығыстың халқы жақсы ғой”, “Қай жақта болсаңыздар да аман болыңыздар, отбасыңызбен бірге болыңыз”, “Жолдасыңызды неге көрсетпейсіз?”, “Үйде отырған керемет емес пе? Балаларыңызға қарайсыз? Басқа уақытта қашан үлгересіз?”, “Бұл қалаға үйренісуге тура келеді, халқы да басқа”, деп жазды оқырмандары.