25.10.2021, 12:20

Ақтауда 15 миллион теңгенің қызғалдақтары бүліне бастады

Фото: Рашида Исмагилова/lada.kz
Пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған.

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданды. "Отырғызылған" пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтауда 15 миллионнан астам теңгеге, бюджет қаржысына пластикалық қызғалдақтардан жасалған "гүл алқабы" инсталляциясы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жергілікті тұрғындар "гүл алқабының" қолдан жалғанғанына, сондай-ақ, пайдаланылған материалдардың сапасы төмен екеніне шағымданды.

Тегтер: Ақтау гүл