Бүгін Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады. Осыған орай, Түркияда тұратын қылмыс әлемінің серкесі ретінде танымал "Дикий Арман" боксшылармен кездесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дикий Арман мен боксшылар арасындағы кездесуден кішігірім үзіндіні спорт журналисі Данияр Кәрімжан жариялады.
"Өздеріңді нөмірі біріншімін деп есептеңдер. Кубалық, Россия... Мінезбен жеңу керек", - деді Дикий Арман.
Спорт жанкүйерлері Дикий Арманның бұл қылығына тәнті болып, нағыз жанашыр екенін атап өтуде.