26.10.2021, 01:30

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: күн күрт суытады

Фото: orda.kz
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер 26, 27 және 28 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады.

«Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында – қарлы боран күтіледі. Қазақстанның кей жерлеріне тұман түседі»-делінген Қазгидромет хабарламасында.

Батыс аймақтарда ауа температурасы түнде 0 -ден -5 градусқа дейін аяз, күндіз 3 -тен 15 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +7 -ден -7 -ге дейін төмендейді, ал күндіз 0 -ден 15 градусқа дейін құбылады.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы түнде +5 -тен -7 -ге дейін, күндіз 2 -ден 16 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде -3-тен +7-ге дейін төмендейді, күндіз 0-ден 18-ге дейін жылиды.

Елдің оңтүстігінде түнде -1 -ден +7 -ге дейін, күндіз 8 -ден 22 градусқа дейін аздап төмендеу байқалады.

Республиканың оңтүстік-шығысында түнде -1-ден +7-ге дейін, күндіз 7-ден 15 градусқа дейін құбылады.  

Тегтер: ауа райы