$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда мешіттердің күмбезі қиратыла бастады

Қытай мәдениетін көрсетпеу үшін бүкіл ел бойынша мыңдаған мешіттердегі күмбездер мен мұнараларды алып тастайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытай Халық Республикасының үкіметі исламдық архитектураға «қытайландыру» саясатын жүргізе бастады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Елдегі биліктің мәлімдемесі бойынша, Қытай мәдениетін көрсетпеу үшін бүкіл ел бойынша мыңдаған мешіттердегі күмбездер мен мұнараларды алып тастайды.

Қытайда мешіт ғимараттарынан күмбездері алынып, мұнаралар қиратылады. Атап айтқанда, жақында Синин қаласындағы 700 жылдық Дунгуан мешітінен үлкен жасыл күмбездерді алып тастау туралы шешім қабылданды.

— Үкімет біздің мешіттерімізді Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына ұқсайтындай етіп «қытайландыруды» қалайды, — деді жергілікті тұрғын Әли.

NPR басылымының ақпараты бойынша, ҚХР-ның ресми этномәдени саясаты аясында елдің әрбір ұлтына өз автономиясы берілген. Оған қарамастан, іс жүзінде соңғы уақытта Коммунистік партия мемлекеттің бүкіл қытайлық емес халқын ассимиляциялау және «қытайландыру» бойынша белсенді бағыт жүргіп отыр. Атап айтқанда, бұл сепаратистік көңіл-күй бұрын байқалған солтүстік-батыстағы мұсылман халықтарында ерекше бақылауда отыр.

Еске салсақ, жақында биліктің өтініші бойынша Apple Қытай қолданушылары үшін Құран мәтіні бар ең танымал исламдық қосымшалардың бірін жойды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мешіт #Қытай