$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда бала емізетін аналарға екпе салына ма?

Ресейде «Sputnik V» вакцинасын емізетін аналарға егуге рұқсат етілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бала емізетін аналарға екпе салу жоспарда бар ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Біз ресми ақпаратты өндірушіден сұратып жатырмыз, кейін қолдағы ақпарат иммундау комиссиясына табысталады, тек сосын белгілі бір шешім қабылданады. Сондықтан біз барлық деректерді сұрап жатырмыз. Егер өндіруші нұсқаулықта оның осы санаттағы адамдар үшін қауіпсіз екенін көрсетсе, біз бұл мәселені елде де қарастырамыз, – деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Айта кетсек, Ресейде «Sputnik V» вакцинасын емізетін аналарға егуге рұқсат етілген. Вакцинаны қолдану бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Растау сұрауымыздан кейін біз ресми жауап алуымыз керек. Ол сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулықта болуы керек. Менің ойымша, бұл бір айға, мүмкін одан да аз уақытқа созылатын процесс, – деп қосты Алексей Цой.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда ақылы екпе қанша тұратынын айтқан. Ол сонымен қатар брифингке Pfizer өкілдерін шақыруға уәде берді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары