Қазақстан Ауғанстан әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, үшінші елдерге ұшып шығу үшін транзиттік дәліз Алматы әуежайы арқылы ұйымдастырылған және бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен іске асырылды.
«Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады. Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.