$ 494.87  520.65  4.91

Шұғыл! Жамбылда мұнай өңдеу зауыты өртеніп жатыр

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама 12 сағат 4 минутта түсті.

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.

Барлығы -75 .қызметкерлер мен 21 бірлік техника, сондай-ақ сол жерде құрамында 7 адам және 2 бірлік техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істейді.

Өрт 13 сағат 5 минутта ауыздықталып, 13 сағат 17 минутта сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Алдын ала себеп-мұнай өнімдерін (дизель отыны)айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары