$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде алдағы үш күнде 20 градусқа дейін аяз күтіледі

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамынша, 2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Одан бөлек, екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Артынша, суық солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы едәуір төмендеуі мүмкін.

Мәселен, солтүстік-батыста түнде 5...15 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 градусқа дейін, оңтүстікте 3...13 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 градусқа дейін аяз күтіледі. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары