$ 447.4  477.55  4.76

Бокстан әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов үнді боксшысынан басым түсті

Қазақстандық боксшы (51 келі) үндістандық Дитакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Сәкеннің басымдығы байқалып тұрды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы (51 келі) үндістандық Дитакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Сәкеннің басымдығы байқалып тұрды. Десе де ол кейбір сәттерде қарсыласының соққысын жіберіп алды. Жалпы нәтижеде төрешілер Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірді. Ол осылайша ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты. Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді. Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) ауғанстандық Сулиман Асламиді тізе бүктірді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары