$ 445.66  474.58  4.78

Қандыағаштағы мұнай қоймасындағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтобе облысының Қандыағаш қаласындағы «Вернал ойл Казахстан» ЖШС мұнай қоймасындағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық ішкі істер департаментінің басапасөз қызметі мәлімдегендей, аталмыш іс «Жарылу қаупі бар нысандардағы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы» бабы бойынша қозғалып отыр.

Еске сала кетсек, 16 шілдеде сыйымдылығы 5 мың текше метрді құрайтын мұнай сақтау қоймасында жарылыс болған еді. Салдарынан кәсіпорынның 4 қызметкері жарақаттанды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған бірі ауруханада сөз жұмды.

Жапа шеккендердің бірінің сөзіне қарағанда, сол күні олар қойманы электрсорғымен тазартқан.

— Сорғыда ақаулықтар болып, тұйықталудан жарылыс орын алған, — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

Қазіргі уақытта іс ІІД тергеу бөліміне берілді. Кешенді өрт-техникалық сараптама, қызметкердің өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары