$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Көксу зауытында қызылша көлемі 100 мың тоннаға дейін азайып кеткен.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Себебі, республика бойынша қант қызылшасы көп өсірілетін Алматы облысында өнім зауытқа аз мөлшерде өткізіліп жатыр. Тіпті бір ғана Көксу зауытында қызылша көлемі 100 мың тоннаға дейін азайып кеткен. Ал жалпы еліміз бойынша тәтті түбірдің тек 35 пайызы ғана жиналыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жылда осы уақытта Көксу қант зауытының алдында өнімге толы жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұратын. Тіпті кәсіпорын қант қызылшасын қабылдап үлгермей жататын. Биыл ондай қарбалас жоқ. Зауыт басшысының өзі қызылшаның аз келіп жатқанын жасырмай айтады. 

“Қазіргі таңда өнім 100 тоннаға аз болып тұр. Былтыр 176 мың тонна қант қызылшасын қабылдасақ, биыл ол межеге әлі жеткен жоқпыз”, – деді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.

Зауыт басшысының сөзінше, олар былтыр 176 мың тонна қызылшасын қабылдап, 22 мың тонна ғана қант өндірген. Жылпы жиналған өнімнің тек 12 пайызынан ғана таза құмшекер алынатынын айтады.

Ал Алматы облысында жалпы 400-ден аса шаруа қант қызылшасын өсірумен айналысады. Олар проблема шаш етектен деп отыр. 

“Су мәселесі ең күрделі мәселе болып есептелінеді. Тағы бір үлкен мәселе үкіметтен берілетін арзандатылған жанар-жағармай. 1-2 градус жылылықтың өзінде қысты күні де қатып, бүкіл техниканың біразына зиянын келтірді”, – деді Көксу аудандық фермерлер одағының төрағасы Әшімхан Естайұлы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміз орта есеппен 500 000 тонна қант тұтынады. Бірақ оның 27,2 пайызы ғана бізде өндіріледі. Қалған 70% пайыздан астам тәтті құмшекер көрші елдерден жеткізіледі. Ал қазір қант қызылшасын еккен өңірлер өнімнің 35 пайызын ғана жинап үлгеріпті. Жалпы тәтті түбір еліміз бойынша 21,7 гектарға себілген. Оның 16 мың гектарын яғни, басым бөлігі Алматы облысында.

Көксу қант зауыты қант қызылшасының бір тоннасын 11 мың теңгеге қабылдайды. Дәл осы жерден таза қанттың бір келісі 300 теңгеден сатылымға шығады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары