Жаңалықтар 09.11.2021 сағат 09:40

«Адам құрлы көрмейді»: Марқұм кеншінің әкесі қайғылы оқиға туралы айтты

Зардап шеккендердің балалары мен жақындары туралы ақпарат қайғылы оқиғадан екі күн өтсе де айтылмай отыр.
«Адам құрлы көрмейді»: Марқұм кеншінің әкесі қайғылы оқиға туралы айтты
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Абай шахтасында қаза тапқан кеншілердің бірінің әкесі Анатолий Корниенко қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұм 51 жастағы Сергей Корниенко Абай кенішінде 30 жылға жуық жұмыс істеген. Ол және бес әріптесі 7 қарашада соңғы ауысымда жұмыс істеген. Марқұмның әкесі Анатолий Корниенко ұлы жұмыс істеген шахтадағы жағдай туралы ойын айтты.

"Оларды адам құрлы көрмейді. Ескінің аты ескі. Жаңарту жүргізілмейді. Ақшасын аяйды. Газсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, ұңғымаларды бұрғылау, газ тарту керек шығар. Ақшаны үнемдейді" , - деді ол.

Телеарна мәліметінше, қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақысын беруге уәде берілген.

"Балам жоқ болса, бұл көмектің маған не керегі бар? Ол баламның орнын баса ала ма? Ол ішпейді, көрінген жерде жүрмейді. Тек арасында балық аулауға баратын еді", - дейді Анатолий Корниенко.

Телеарна журналистерінің айтуынша, зардап шеккендердің балалары мен жақындары туралы ақпарат қайғылы оқиғадан екі күн өтсе де айтылмай отыр. Компания басшылығы журналистермен кездесті, бірақ нақты мәлімдеме жасалмады: олар қаралы хабар мен тергеу құпиялығына сілтеме жасап отыр.

"Біз ұжымдық шарт талабымен шектелмейміз. Барлық қажетті көмек, яғни несиені өтеу, жерлеуге қатысты басқа да мәселелер қаралады. Компания ұжымдық шарт бойынша, салалық келісім бойынша не істеу керегінен тыс көмек көрсетуге дайын және көрсетеді", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Әлішер Әбенов.

Оқиға орнында газсыздандыру және ауаны сору жұмыстары аяқталып, республикалық комиссия тергеуге кірісті. Аймақтың басқа кәсіпорындарындағы жұмыстар тоқтатылды, төтенше жағдайдан кейін жоспардан тыс тексерулер басталды.

Еске салайық, 7 қарашада сағат 08.30-да "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Абай" шахтасында кенет жарылысы болды. Апат кезінде шахтада 64 адам болған. 2 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты. ТЖД жедел штабының телефоны (8-7212) 51-11-10, жедел желі - (8-7212) 51-72-23.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар