$ 444.32  473.33  4.76

Жамбыл облысында дауыл: көліктер аударылып, шатырлар ұшып жатыр (ВИДЕО)

Желдің ұйытқуы әсерінен облыс орталығында тал бұтақтарының құлауы, бағдаршамдардың істен шығуы, электр сымдарының үзілу деректері тіркелді.

Таразда ауа райының күрт бұзылуына байланысты қатты дауыл тұрып, тұрғындардың үрейін ұшырды. Қалада ғимарат шатырлары ұшып, ағаштар құлаған. Жамбыл облыстық полиция департаменті жүргізушілерді алыс жолға шықпауларын және көлікті ағаштардың жанына қоймауларын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен. Желдің ұйытқуы әсерінен облыс орталығында тал бұтақтарының құлауы, бағдаршамдардың істен шығуы, электр сымдарының үзілу деректері тіркелді. Қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балабақша мен мектеп әкімшіліктері балаларды көлікпен келіп, алып кетуді сұрауда.

"Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуіне байланысты көлік жүргізу қауіпті. Өте сақ және абай болыңыздар! Тұрғындарды ауа райы болжамын ескере отырып, алыс жолға жоспарлы түрде шығуларын сұраймыз", - деп хабарланды облыстық полиция департаментінен.

Сондай-ақ полиция департаменті тұрғындарды далаға шыққанда, жолдан өткенде абай болу керектігін ескертеді, балаларды өздігінен қалдырмауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары