$ 444.22  476.38  4.82

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Келесі қарсыласы канадалық Патрис Волнимен жекпе-жекте жеңіске жеткен бразилиялық боксшы Эскива Фалькао болды.

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Головкиннің келесі қарсыласы канадалық Патрис Волнимен жекпе-жекте жеңіске жеткен бразилиялық боксшы Эскива Фалькао болды.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы Top Rank кеші аясында өтті. Алтыншы раундта боксшылар бастарымен қатты соқтығысып, Фалькао қансырап, жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде, төрешілер жеңісті бразилиялыққа берді.

Айқын.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Головкин