$ 494.87  520.65  4.91

Перзенттерімен 9 қабаттан секіріп өлген келіншекті жер қойнына табыстады

Әйелдің күйеуіне, туған-туыстарына жақындау мүмкін болмады. Қара жамылған үйдің кіре берісінде полицейлер күзетке тұрған.

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйден секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаева перзенттерімен жер қойнына табысталды. 4 адамның жаназасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Үлгілі ауылындағы әйелдің келін болып түскен шаңырағынан шығарылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бақтыгүл мен 3 перзенттің жаназасы бүгін түске таман келін болып түскен шаңырақтан шығарылды. Жерлеу рәсіміне ауыл имамы келіп жаназа намазын оқыды.

Әйелдің күйеуіне, туған-туыстарына жақындау мүмкін болмады. Қара жамылған үйдің кіре берісінде полицейлер күзетке тұрған.

Жаназаға келген жұрттың қарасы көп. Қаза болған әйел мен 3 баласы Үлгілі ауылы маңындағы бейітке жерленді.

Еске салайық бұған дейін үш бірдей кішкентай баласымен 28 жастағы келіншектің 9-шы қабаттан секіріп кеткенін жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары