$ 448.56  478.03  4.79

Түркістанда ноутбук алуға деп бөлінген 2,5 млрд теңге қолды болды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд астам теңгені жымқыру дерегі анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Пандемияға байланысты қашықтан оқыту әлемнің барлық елінде білім беру процесінің негізгі әдісіне айналды.

Қазақстанда білім беру ұйымдарына мектеп оқушылары үшін 220 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды.

Агенттік оның барысында бюджет қаражаты жымқырылған мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылық деректерін анықтады.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «МТ-Сервис» ЖШС басшысына және облыс әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

«Атап айтқанда, мемлекет «2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылымды дамытудың» бағдарламасы аясында коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқушыларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алуға ақшалай қаражат бөлді.

«МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» ММ-мен 3,4 млрд теңгеден астам сомаға 21 мың дана ноутбук жеткізуге шарт жасасты.

Алайда, 2,5 млрд теңгеден астам сомаға жеткізілген тауарлар Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеген», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және оған қатысты тергеу соты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолданды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары