$ 494.87  520.65  4.91

Сағынтаев автокөлік инфрақұрылымы құрылысының қарқынын тексерді

Бұлардан өзге, мегаполис әкімі Жандосов көшесіндегі БРТ желісі бойынша көше-жол желісін реконструкциялау жұмыстарымен танысты

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев көлік жолайрықтарын, метро станцияларын салу және Абай даңғылын ұзарту барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы аяқталуда. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакадада жол жабынын орнатуға дайындық жүргізілуде. Жақын орналасқан аумақ абаттандырылуда. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Бұрындары жеке бүйірлі съездер бойынша көлік қозғалысы ашылған болатын. Жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойынша көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойынша – 40 мыңға дейін арттырады.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейінгі ұзындығы 3,5 км учаскенің құрылысы аяқталып қалған Абай даңғылын ұзартудың барысымен танысты. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ қарастырылған. Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салу жалғасуда. Бұл учаскедегі қозғалыс уақытша сызба бойынша ұйымдастырылады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев сондай-ақ аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» екі станциядан тұратын метрополитеннің екінші іске қосу кешені объектілерінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда әрлеу жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылуда және электромонтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бұлардан өзге, мегаполис әкімі Жандосов көшесіндегі БРТ желісі бойынша көше-жол желісін реконструкциялау жұмыстарының ауқымын бағалады. Сүлейменов көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі учаскенің ұзындығы 1 км. Осылайша, Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін ұзындығы 8,7 км БРТ желісінің бірінші учаскесінің құрылысы аяқталады.

Жұмыс сапары кезінде Б. Сағынтаев Қалқаман-2 шағын ауданындағы 1800 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты. Құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы