Жаңалықтар 25.11.2021 сағат 14:45

Алматыда биылғы жылы 200-ден астам көше жөнделді

2030 жылға дейін 185 км-ден астам веложол салу жоспарлануда, бұл олардың ұзындығын 2,5 есеге (262,8 км-ге дейін) арттырады және бүкіл қаланы өзара байланыстырады.
Алматыда биылғы жылы  200-ден астам көше жөнделді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қаласында 2021 жылы 200-ден астам көше жөнделді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ, ол қаладағы веложолдар желісін 2030 жылға қарай 2,5 есеге арттыру жоспарланғанын айтты. Жалпы ұзындығы 200,8 км болатын 205 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ қаланың ауданы 290 мың м2 асатын көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Атап айтқанда, «Думан» шағын ауданында ұзындығы 28,8 шақырым болатын 56 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.                                          
Инженерлік желілерді көшіру, тротуарларды, арық желілерін орнату және сыртқы жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, - деп нақтылады С. Құсайынов. - Қазіргі уақытта люктер мен торларды көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмысты осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Төле би көшесі бойымен Байтұрсыновтан Яссауиге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, тротуарлар мен арық желісі ішінара жөнделді.

- Қазіргі  кезде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуларына байланысты Төле би көшесінің учаскесінде Әуезов көшесінен Брусиловскийге дейінгі бордюрлер орнатылды. Сондай-ақ, Розыбакиев көшесінен Каримов көшесіне дейін екі бағытта да Аносов көшесінен шығатын көліктер үшін айналма жолдар салынды.

Спикер жақын арада көлік және коммуникациялар ҒЗИ Алматыда велоинфрақұрылымды дамыту стратегиясын ұсынатынын, онда велоинфрақұрылым объектілерін жобалау, салу және пайдалану бойынша ұсынымдар көрсетілетінін хабарлады.
2030 жылға дейін 185 км-ден астам веложол салу жоспарлануда, бұл олардың ұзындығын 2,5 есеге (262,8 км-ге дейін) арттырады және бүкіл қаланы өзара байланыстырады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар