"Е. Қасенов ағасы М. Қасенов қайтыс болған соң, "Азаматтарға арналған үкімет" ақпараттық жүйесіне қайтыс болу актісін әкелмеген. Соның арқасында заңсыз түрде 4,7 млн теңге көлемінде жәрдемақы алған", – деп хабарланды қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
Марқұм Қасенов 2-топ мүгедегі болғандықтан, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Ал оның інісі жасаған әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.