$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда газ және электрмен жүретін қоғамдық көліктердің саны артып келеді

Бағыттар бойынша жүретін автобустардың саны 2 441.  Олардың ішінде 515 газ және 15 электр автобусы бар.

Алматыда 151 бағыт бойынша барлығы 2400-ден астам қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы Алматыдағы қоғамдық көліктің жұмысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мегаполис әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спикердің айтуынша, Алматыда бағыттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес тасымалдаушылар субсидияланады.

Қазіргі кезде Алматы қаласында 151 қалалық бағытқа қызмет көрсету бойынша 21 тасымалдаушы жұмыс істейді.

Бағыттар бойынша жүретін автобустардың саны 2 441 жылжымалы бірлікті құрайды. Оның ішінде 515 газ автобусы, 196 троллейбус, 15 электр автобусы және дизельдегі 1 715 автобус бар.

Алматы әкімінің орынбасары 2021 және 2022 жылдары «Алматыэлектротранс» ЖШС коммуналдық автобус паркі 300 газ автобусын сатып алу жоспарланғанын атап өтті.

Бұдан өзге, жеке инвестор 2022 жылы қалалық бағыттарға қызмет көрсететін 200-ге дейін газ автобустарын сатып алу, көлік санын 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту, жаңа автобус паркін салу мәселесін қарастыруда. Бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2022 жылы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта автобус паркін салу жоспарлануда.

Спикер қазіргі кезде Алматының Наурызбай ауданы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Онда көптеген тұрғын үй кешендері бар, аудан тұрғындарына құрамында 121 жылжымалы көлік бірлігі бар №14, 15, 26, 27, 104а, 118 және 137 бағыттар бойынша қызмет көрсетілуде. Абай даңғылын үңгілеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданда жаңа бағыттар ұйымдастырылады, олар көлік жүйесінің жүктемесін азайтуға және қолданыстағы қалалық бағыттардың бір бөлігін жеңілдетуге көмектеседі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы