$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Вакциналау халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймай, дерттің асқынуына жол бермейді әрі өлім-жітімді едәуір төмендетуге көмектеседі.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде мегаполис тұрғындарын КВИ жаңа нұсқаларының айналымы аясында тұмаудың таралу қаупіне барынша жіті қарауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда ЖРВИ дертінің маусымдық өсуі байқалады. Өткен аптада ЖРВИ-дің 12 479 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 613,34 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,7 есе жоғары. Жаңа эпидемиологиялық маусым басталғаннан бастап 1 қазан мен 17 қараша аралығында ЖРВИ-дің 73 731 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, АH3N2 тұмауының 13 жағдайы тіркелді.

Медиктер дерттің 60,6% болуы балалар арасында таралуына байланысты деп санайды, кәмелетке толмағандар арасында барлығы 7 557 жағдай тіркелген. Мегаполистің медициналық мекемелеріне ЖРВИ-мен ауыратын 680 науқас, оның ішінде 20 жүкті әйел, 211 бір жасқа дейінгі бала жатқызылды. Пневмониямен 216 адам ауруханаға түсті, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 51 бала және бір жасқа дейінгі 26 сәби бар.

Б. Сағынтаев ЖРВИ, тұмау және пневмонияның таралуына байланысты күрделі жағдайды ескеру қажет деп санайды. Әкім Алматының барлық тұрғындарын бұрын енгізілген алдын алу шараларын, соның ішінде маска тағуды қатаң сақтауға шақырды. Оның үстіне әркім адамдар көп жиналатын орындарға баруды барынша азайтуы тиіс. Ал,коронавирустық инфекция мен тұмауға қарсы вакциналанбаған адамдар өздерін және жақындарын қорғауға асығуы, екпе алулары тиіс. Мегаполисте бұл үшін барлық жағдай жасалған.

Алматыда 15 қыркүйектен бастап жергілікті бюджет қаржысына (медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар; алты айдан асқан жиі ауыратын балалар; жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; балалар үйінің балалары; медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызметтерін алушылар; жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместріндегі жүкті әйелдер; жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдар) «тәуекел тобындағы» тұлғаларға тұмауға қарсы екпе салу басталған болатын.

Вакциналау халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймай, дерттің асқынуына жол бермейді әрі өлім-жітімді едәуір төмендетуге көмектеседі. Биыл Ресейлік өндірістің «Гриппол Плюс» тұмауға қарсы үшвалентті вакцинасы 130 000 доза көлемінде сатып алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы