06.12.2021, 16:00

Алматыда тағы бір әйел 12-қабаттан секіріп кетті

Сурет: instagram.com/krisp__almaty
Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады.

Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті. Қалалық полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда суицид жасағаны туралы хабарлама тарады. Хабарламада Ақсай шағынауданындағы көпқабатты үйдің 12-қабатынан қыз секіріп кеткені айтылған.

Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тіркеген.

Бұл іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар мен себептері белгіленеді.