Нұр-Сұлтан қаласында жаңа жыл күні мерекелік отшашу атылмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекелік отшашудың болмайтынын алдымен қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Кейін қалалық мәдениет басқармасынан «Жаңа жыл мейрамында отшашу болмайды» деген хабар жетті. Айта кетсек, таяуда ғана Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтанда отшашу салтанаты өткізілді. Фейерверк қаланың үш нүктесінен атылды және бұл шара демеушілер көмегімен ұйымдастырылды.
Еске сала кетсек, өткен жылы да елордада жаңажылдық отшашу болмаған еді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.