30.12.2021, 15:20

Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынды

Фото: ашық дерекөз
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қалада мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

Нұр-Сұлтанда корпоративтік кештер мен көпшіліктің қатысуымен өткізілетін шараларға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Сархан Бейсенованың айтуынша, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қалада мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

Сонымен бірге мерекелік кештерді Ashyq жүйесімен серіктес мекемелерде өткізуге болатыны айтылады. Бірақ қызметкерлер мен келушілердің мәртебесі "жасыл" түсті болуы және өтетін орынның толық толмау қажеттігі баса айтылған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.