Алматы облысы ТЖД мәліметінше, оқиға "Ақ бұлақ" тау шаңғы кешенінде болған. Тау шаңғы кешені қызметкері әуе шарының сақтандыру арқаны үзіліп кеткенін айтты. Ішіндегі адам өздігінен қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствода 1 қаңтар сағат 16.43-те ТЖД пультіне "Ақ бұлақ" тау шаңғы кешенінде ұшқан әуе шарының жел екпінінен сақтандыру арқаны үзіліп кеткені туралы хабарлама келіп түскені айтылды. Нәтижесінде ішіндегі адамды тау жаққа алып кеткен.
"Оқиға орнына Талғар-2 МӨСБ және республикалық жедел-құтқару жасағынан ҚР ТЖМ бөлімше қызметкерлері дереу келді. Ұшып кеткен шарда ұшу жөнінде нұсқау беретін қызметкер болып шықты. Ол дағдыларының арқасында өздігінен қонды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД өкілі.
Талғар мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оны Солдатсай шатқалынан тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.