Жаңалықтар 02.01.2022 сағат 22:26

Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді

Астероидтардың бірі Нью-Йорк қаласындағы Эмпайр-стейт-билдинг көпқабатты ғимаратынан екі есе үлкен.
Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жерге қауіпті екі астероид жақындап келеді. Мұндай деректермен NASA бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аспан денелерінің бірі (астероид 2013 YD48) Лондондағы Биг-Бен сағатымен бірдей, ал екіншісі (астероид 7482 YD4) Нью-Йорк қаласындағы Эмпайр-стейт-билдинг көпқабатты ғимаратынан екі есе үлкен. 

Алдын ала есептер бойынша, 2013 YD48 астероиды 11 қаңтарда Жерден 5,6 миллион шақырым қашықтықтан өтеді. Ал 7482 YD4 астероиды 18 қаңтарда Жерге 0,013 астрономиялық бірлікке жақындайды. NASA аспан денелерін зерттеу орталығының өлшемі бойынша бойынша мұндай қашықтық "жақын" болып саналады. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар