$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райына болжамын ұсынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райына болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

4 қаңтардан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар циклондар сериясы еліміздің көп бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын, негізінен қар жауып, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылайды. Алайда кейін оны суық батыс антициклоны алмастырады. Жауын-шашын тыйылып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, - деп  хабарлады «Қазгидромет» РМК

Алдымен батыста, содан кейін шығыс бағытта және елдің қалған бөлігінде осылай жалғасады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болжанады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары