Елордалықтар ескі газ бағасын қайтаруды талап етіп, жаңаөзендіктерді қолдап, наразылыққа шықты. Олар қаңтардың 3-і күні қалалық әкімдік ғимаратының алдында, Кенесары ескерткішінің жанында, цирк ғимаратының жанында және ескі теміржол вокзалының алдында митинг өткізді.
Нұр-Сұлтан әкімдігі алдында жаңаөзендіктердің талабын қолдауға келген екі ер адам мен бір әйел болды.
— Алдыма келген барлық жігіттер, бес ер адам ұсталды. Газ қымбаттады, жылу қымбаттады. Жаңаөзендіктерді қолдауға келдім. Полиция мен ҰҚК қызметкерлері алаңда тұруыма рұқсат бермей, мені ол жерден қуып жіберді. Ол жерден барлығын қуып жіберді, тіпті бір журналисті арнайы жедел әрекет ету отряды алып кетті, журналистің таңғышы сенікіндей («Пресса» деген жазуы бар – автор), оны автобусқа алып кетті», – деді келгендердің бірі.
Полицейлердің бірі журналиске арнайы жедел әрекет ету отряды үшеуін ұстағанын айтты. Әкімдіктің алдындағы алаңда полиция автобусы мен екі автозак бар.
— Мен жаңаөзендіктерді қолдаймын. Мен саяси тұтқындарды да босатуды талап етемін, – деді әкімдік алдында жүрген азаматтық белсенді Асанәлі Сүйіубаев.
Журналистің қолына түскен видеода арнайы жедел әрекет ету отряды әкімдік маңында жаңаөзендіктерге қолдау білдірген жігіттерді ұстап алып, автобусқа итеріп салғаны көрінеді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті мен ҚР Ішкі істер министрлігі болып жатқан жайтқа қатысты түсініктеме бермеді.
Арнайы жедел әрекет ету отряды Кенесары ескерткіші маңында шеруге шыққан үш адамды ұстады. Олар «Азаттық радиосының» журналисі Дархан Өмірбекті де ұстамақ болып, оның жұмысына кедергі келтіріп, камераны қолдарымен жауып тастаған.
Автобелсенділер де ереуілшілерге қолдау білдіру үшін жиналды.40 армян көлігінің иесі «Кувшин» мейрамханасына жиналмақ болған, алайда мекеме жанындағы саябақты полиция жауып тастаған. Нәтижесінде цирк ғимаратына «армян көлік иелері» жиналды. Көлік жүргізушілері Маңғыстау облысы тұрғындарының талабын қолдайтындарын мәлімдегенімен, оларды да полиция таратты. Ешкім ұсталған жоқ, автобелсенділер тарап кетті.
Төртінші кездесу ескі теміржол вокзалының алдында өтті. Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев бастаған белсенділер прокурордың акцияның заңсыздығы туралы ескертуіне қарамастан митингіге шықты.
— Маңғыстау облысында, Ақтауда, Жаңаөзенде ағайындар газ бағасын төмендетуді талап етіп митинг өткізіп жатыр. Айтайын дегенім, Үкімет өз міндеттерін орындамай отыр, үкімет газ бағасының өсуін тежеп отырған жоқ. Газ бүгін қымбаттады – ертең нан мен май қымбаттайды. Біз үкіметтің отставкаға кетуін және жаңа министрлер кабинетін құруды талап етеміз, – деді тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы төрағасының орынбасары Мұрат Мұхамеджанов.
Вокзал алдындағы алаңда да 20 шақты адам наразылық білдірді.
Кейін елордадағы цирк алдына жиналған көлік жүргізушілері журналистке «Жанұя» орталығында кездесу өткізгендерін айтты.
— Әкімдік пен министрлік газ бен жанармай бағасын үш күн ішінде өзгертеміз деп уәде берді. Әйтпесе, үш күннен кейін цирк алдына тағы да митингке шығамыз. Ал жаңаөзендіктерге – саламағалейкум, – деді наразылық білдірушілердің бірі.