$ 495.2  522.34  4.94

«Спорттық мансабымды аяқтаймын»: Алматыда ұсталған Қуат Хамитов босатылған соң пікір білдірді

Мен үшін өмірімнің жаңа белесі ашылды, жаңа мансап басталды,  - дейді ол.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ММА күресшісі Қуат Хамитов Алматыдағы бейбіт митингке шыққанын хабарлады. Instagram-да ол жалпы ұзақтығы 10 минут болатын екі бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, митингке тәртіпке шақыруға, зорлық-зомбылыққа бармауға шақыру мақсатында шыққан.

Содан кейін қала сыртына барған. Содан соң, оның айтуынша, оған ҰҚК-дегі танысы қоңырау шалып, полиция департаментіне келуге шақырған. Қуат өзінің үйіне қайтқан.

“Жуынып, киініп алғым келді. Бірақ дәл осы кезде ОМОН қызметкерлері басып кірді, - дейді ол.

Қуаттың айтуынша, оны негізсіз ұстаған. Сонымен қоса, әкесін де ұрған. Одан кейін Қуатты полиция алып келіп, онда ұрып, тамақ бермей ұстаған. Содан соң оны босатқан.

Ендігі кезекте Хамитов спорттық мансабын аяқтауға шешкен.

“Мен ресми түрде спорттық мансабымды аяқтаймын. Мен үшін өмірімнің жаңа белесі ашылды, жаңа мансап басталды”,  деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары