Қарашаның 14-іне қараған түні қатты жел мен жол көрінісі шектеулі болғандықтан Қазақстанның үш өңіріндегі жолдар жабылды, сонымен қатар, Астанадан Қарағандыға шығар жол уақытша жабық, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің сайты.
14 қараша күні түнгі сағат 00:30-да ауа райының нашарлауына (қатты жел, боран, шектеулі жол көрінісі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы ауылы, 1330-1353 шақырым) автожолы бөлігіндегі қозғалыс тоқтады. Қарағанды облысында да дәл осы жағдай, 14 қарашаға қараған түні сағат 01:20-да «Екатеринбург-Алматы» (Теміртау қ, 1051-1142 шақырым) автожолы бөлігіндегі жол қозғалысы тоқтатылды. Көктайғаққа байланысты сағат 05:45-тен бастап, «Астана-Қарағанды» бағыты бойынша барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық. Сонымен бірге, борап жауған қардан Шығыс Қазақстан облысындағы жол көрінісі нашарлады. 14 қараша, сағат 06:00 бастап, «Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахманов бұлақтары» автожолы бөлігіндегі (6-66 шақырым) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді.