$ 494.87  520.65  4.91

Банктен несие алған теміртаулық тұрғын қарызын қайтармас үшін ерекше айла ойлап тапқан

Зейнеткер несиені өзі рәс імдеп, кейін оны қайтармас үшін полицияға жүгінген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Теміртауда зейнеткер несие төлемеу үшін алаяқтық туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды kaz.nur.kz. 

Басылымның мәліметінше, 17 қаңтарда Теміртау қаласының 64 жастағы тұрғыны Старгород полиция бөліміне жүгінген. 

Ол әлдекімнің өз атына банктен несие рәсімдегенін айтқан. Қарыз сомасы 500 мың теңгені құраған. Тіпті, зейнеткер полицияға мұны кім істеуі мүмкін екенін де хабарлапты. 

Дегенмен, ақпаратты тексергеннен кейін күдіктінің аталған несиеге еш қатысы жоқ екені белгілі болған. Одан бөлек, тәртіп сақшылары банктегі несиені арыз берушінің өзі рәсімдегенін, осылайша, қарызды қайтармас үшін құқық қорғау органы қызметкерлерін шатастырмақ болғанын анықтады. 

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Содан кейін іс бойынша нақты шешім қабылданады. 
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары