Словакияның батысындағы Тренчин қаласында көр қазудан халықаралық жарыс өтті деп хабарлайды Associated Press. Ерекше сайысқа Словакия, Польша және Венгряидан келген қабіршілер қатысқан.
Жарыстың ережесіне сай, қатысушылар көрдің тереңдігін - 150 см, ұзындығын - 200 см және енін 90 см етіп қазулары тиіс. Оларға тек күрек пен қайла ғана берілді. Әділ қазылар болса қабіршілердің жылдамдығы мен дәлдігін бағалады.
Жарыс нәтижесінде бірінші орын Словакияның ағайынды екі жігітіне бұйырды. Олар бәрінен жылдам қазып қоймай, көрдің өлшемлерінен мүлдем жаңылған жоқ.
«Мен жеңгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл біздің 15 жыл бойы теккен теріміздің өтеуі болар», - деді жеңімпаз ағайындылардың үлкені.
Айта кетейік, дәл осындай көр қазушылардың жарысы биыл Қазақстанда да өтуі тиіс болатын. Жарысқа Текелі, Талдықорған, Үштөбе, Көксу және Қарабұлақ елдімекендерінің қабіршілері қатысады деп жоспарланған. Алайда, қатысушылардың толық құрамда жиналмауы салдарынан жарыс өткен жоқ.