"2022 жылғы 25 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:59-де Орталық Азияның энергия жүйесіндегі (Өзбекстан, Қырғызстан) авариялық теңгерімсіздікке байланысты "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр энергиясының транзитіне 500 кВ қуат көлемінде жүктеме түсті", - деп жазылған KEGOC таратқан хабарламада.
Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөнді
Салдарынан "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" транзиті Қазақстанның оңтүстігіндегі тұтынушылар жарықсыз қалған, электр желісінде авариялық ақаулар пайда болған. Шектеу көлемі шамамен 1500 мегават
Бүгінде KEGOC АҚ жүйелік операторымен аварияны жою бойынша шараларды қабылдап жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.