$ 443.37  474.49  4.83

Астанада 2 тәулік ішінде 21 мм-ден аса жауын-шашын түсті

Қарашаның 12 мен 14 аралығында қалада 21 мм-ден аса жауын-шашын түсті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. «Астана Тазалық» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 8.00-де қар жинау жұмыстарына 369 арнайы техника тартылды. Қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына 363 жол жұмыскері жұмылдырылды. 2 746,00 м3 құм-тұз қоспасы себілді. Тәулік ішінде 6 655 текше метр қар шығарылды.

Синоптиктердің боджамына сәйкес, бүгін Астанада қар жауады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 С.

Ертең, 15 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 21...-23 С, түнде  26 С дейін төмендейді. Ең төмен температура 16 қарашада болады деп күтілуде - күндіз -23С, түнде -31 С дейін төмендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары