25.01.2022, 21:00

«Қазпошта» қызметкерлері зейнетақы мен мүгедектердің жәрдемақысын жымқырған

Фото: ашық дереккөз
«Қазпошта» филиалы 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздеріне иеленген.

Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектердің және 60 зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық жүйені Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазпошта» филиалы 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздеріне иелеген.

Биылғы жылдың 18 қаңтар күні пәтерлердің бірінде жедел-iздестiру іс-шарасының нәтижесінде қылмыскерлер 1,3 млн теңге көлеміндегі ұрланған қаражатты өзара бөлісу кезінде, қылмыс үстінде ұсталды. Іс жүзінде бұл ақша биылғы жылдың қаңтар айында 25 зейнеткер мен мүгедекке төленетін әлеуметтік төлемдерге арналған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.