Қытай ғалымдары бұрын Оңтүстік Африкада табылған NeoCoV коронавирусының адам популяциясына ену қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы bioRxiv сайтында жарияланған, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Осы вирустар тобының таралу жағдайларын адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, мұқият бақылау керек", - делінген басылымда.
Сарапшылар пікірінше, вирус адам ағзасымен әрекеттесуі үшін белгілі бір мутация қажет, қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Осыған қарамастан, ғалымдар NeoCoV табиғаты әлі де жұмбақ екенін айтты.
Қазір зерттеу алдын ала нұсқа мәртебесіне ие: болашақта оны сарапшылар зерттеуі керек.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.