01.02.2022, 09:40

Ауруханада тастап кеткен: Алматыда 2 жасар бала бірнеше айдан бері ата-анасын күтіп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Полиция мәліметінше, бала 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысынан табылған. Қасында әкесі болған.

Қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде екі жасар бала жатыр. Баланың ата-анасы әлі күнге дейін баланы ауруханадан алып кетпеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде №2 қалалық балалар ауруханасында кішкентай бала қараусыз қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

"Ата-анасы оны алып кетпейді. Бұл туралы маған сол жерде жұмыс істейтін досым айтты. Клиниканың адвокаты әлі бұл мәселемен айналыспады. Жағдайға әсер ету және нәрестеге үй табуға көмектесу үшін бұл жағдайды жариялауға бола ма?", - делінген баланың суретіндегі жазбада.

Полиция мәліметінше, бала 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысынан табылған. Қасында әкесі болған.

"Қызметкерлер оларды Әуезов аудандық Полиция басқармасына жеткізді. Ер адам оның әкесі екенін айтты, бірақ құжаттарын көрсете алмады. Оның айтуынша, олар Жамбыл облысы Мерке ауылынан келген. Ер адам баланың анасы тастап, белгісіз бағытта кеткенін, тұратын жері жоқ екенін айтты. Баланың құжаты жоқ, себебі анасы құжат жасамаған", - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, полицейлер оны тексеруге ауруханаға жеткізді. Баланың жағдайын тексергеннен кейін дәрігерлер оның дені сау екенін айтты.

"Әкесінің айтуынша, бала 2020 жылы туған. Бірақ растайтын құжаттар жоқ. Бала түскен кезде барлық тексеріс жасалды. Нәтижелері бойынша ешқандай мәселе анықталған жоқ. Бала барлық науқаспен бірге гематология бөліміне орналастырылды. Бала ауруханаға түскеннен кейін ата-анасы келді. Ата-анасының айтуынша, олар еш жерде жұмыс істемейді, тұрақты тұратын жері жоқ", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Рауан Оқас.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексерістен кейін баланың ісі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберілді. 36 жастағы ер адам, яғни баланың әкесі бала ауруханада жатқанда, құжаттарын жасап, баспана табамын деп уәде берген. Алайда содан кейін ер адам жоғалып кетті.

"Біздің қызметкерлер ер адам тұратын ауданға бірнеше рет барып, оны іздеді. Бірақ еш нәтиже болмады. Ана мен әкені ата-ана құқығынан айыру мүмкін емес, өйткені қолында туу туралы куәлігі жоқ. Олар ата-анасы ретінде саналмайды. Дегенмен оларды іздеп табуға тырысамыз", - деді Әбдірахманов.

Жақын арада Әуезов ауданының қамқоршылық органының өкілі балаға есім беру туралы құжатқа қол қойылатыны туралы айтты. Содан кейін баланың құжаттары туу туралы куәлікті алу үшін АХАТ-қа тапсырылады. Кейін ол мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылады.

"Бала әлі күнге дейін гематология бөлімінде жатыр. Оны кіші медицина қызметкерлері бақылауына алды. Жұқпалы аурулардан қорғау мақсатында балалар палатасында жатады. Бөлімшелерде температура деңгейі сақталған, палата жылы. Ыстық тамақ "таңғы ас, түскі ас, кешкі ас" режиміне сәйкес беріледі", - деді Окас.

Ол нәресте үнемі бақылауда екенін айтты. Олар балаға қамқорлық жасап, оған қажет нәрсенің бәрін қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қызылорда облысында полицейлер Самара-Шымкент тасжолынан түнде жалғыз қалған белгісіз баланы тауып алғаны хабарланған болатын.

Бала көлік тоқтаған кезде, далаға шыққан. Ата-анасы мұны байқамаған. Олар баласы артқы орындықта ұйықтап жатыр деп ойлап, көлікке отырып, кетіп қалған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: аурухана бала