WorldBoxingNews порталы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі тиіс уақытты атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз "күрделі схема" деп атаған "Канелоның" жоспары мынадай:
7 мамыр - "Канелоның" жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі; 17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.
"Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын", - делінген хабарламада.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.