$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚШҰ Қазақстанда әскери оқу-жаттығу жиынын өткізбек

Қырғызстанда да ұйымдастырылады. Биыл ҰҚШҰ Қазақстанда 3 әскери оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

Биыл ҰҚШҰ Қазақстанда 3 әскери оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.


"Қазақстан аумағында әскери оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз... "Өзара іс-қимыл-2022" ҰҚШҰ-ның жедел ұжымдық күштерімен Орталық Азия өңіріндегі дағдарысты реттеу мақсатындағы міндеттерді пысықтаумен командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтеді", - деді Анатолий Сидоров. 

Оның айтуынша, 2022 жылы елде "Іздеу-2022" барлау күштерінің қатысуымен арнайы оқу-жаттығуы, әрі ҰҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін "Эшелон-2022" оқу-жаттығуы өтеді.

"Ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарын басқару органдары, құралымдармен бірлесіп, өткен жылдағыдай терроризмге қарсы тақырып қаралады", - деді ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы. 

Ол биыл Тәжікстанда "Рубеж-2022" ОАӨ Жедел өрістету ұжымдық күштерінің (ЖӨҰК) бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізілетінін атап өтті. Онда халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау мәселесі пысықталады. 

"Соңғы оқу-жаттығу жиыны Қырғыз аумағында өтеді. Онда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарда бар. Оның барысында дағдарыс аймағында жанжалдан кейінгі реттеу міндеттері пысықталады", - деді Анатолий Сидоров. 

"ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастық тек қорғаныс сипатына ие. Мұны біздің мемлекет басшыларымыз мәлімдемесінде де атап өткен", - деді біріккен штаб басшысы.

Анатолий Сидоров ұйымға мүше елдер ҰҚШҰ әскерлерін жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру мақсатында олардың жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету үшін заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, ҰҚШҰ-ға 6 мемлекет кіреді: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары