11.02.2022, 15:00

Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің басшысы қызметінен кетті

Агенттік басшысының міндетін басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ренат Кертаев атқарады.

Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ералы Бекхожин "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті", - делінген ведомство хабарламасында.

Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында да Ерлан Бекхожин қызметінен кеткенін растады. Оның айтуынша, агенттік басшысының міндетін басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ренат Кертаев атқарады.

Айта кетейік, Ерлан Бекхожи бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.