$ 445.66  474.58  4.78

Астанадағы Абай даңғылының бір бөлігі жабылады

Елордағы Абай даңғылының бір бөлігіндегі көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметіне сүйенсек, 31 шілде мен 3 тамыз аралығында Абай даңғылы бойымен Әуезов көшесінен бастап Бөкейханов көшесіне дейінгі қозғалыс шектетіледі.

«Алдағы жылу беру маусымына орай аталған аймақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келтірілген уақытша келеңсіздіктер үшін мекеме қала тұрғындарынан кешірім сұрайды. Жөндеу жұмыстары аяқталысымен, көшедегі қозғалыс қалпына келтіріледі», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары